Accessibility links

Трамп Қытай тауарларына жаңа баж салығын енгізбек


Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ Қытайдан импорттайтын 10 миллиард доллардың тауарына жоғары баж салығын салуы мүмкін деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп. Бұл баж салығы Вашингтон 3 сәуірде 25 пайыздық баж салығы салынады деген Қытайдан импортталатын 50 миллиард доллардың тауарына қосымша енгізілуі мүмкін.

Пекин бұған дейін АҚШ-тың Қытайдан импортталатын 50 миллиард доллардың тауыран баж салығын салу шешіміне жауап ретінде АҚШ-тан импорттайтын 50 миллиард доллардың тауарына баж салығын енгізген. Қытай негізінен АҚШ-тағы президент сайлауында тұрғындарының көбі Трампқа дауыс берген штаттардың ауыл шаруашылығы өнімдеріне баж салығын енгізіп отыр.

Трамп Қытайдың бұл әрекетін "әділетсіз жауап" деп бағалап, оны қосымша сауда тарифтерін енгізуге түрткі деп атады. Ақ үйдің мәлімдеуінше, АҚШ алғашқы шешімін фактілерді мұқият талдап барып қабылдаған, ал Қытайдың әрекеті "негізсіз" болған.

АҚШ-тың Қытайға қарсы алғашқы қадамы америкалық қор биржаларында акция бағамдарының төмендеуіне ықпал етті. Бұдан соң президент әкімшілігінің бірнеше мүшесі баж салығын енгізу АҚШ тауарларының Қытай нарығына енуіне жол ашу және америкалық интеллектуалдық меншікті қорғау жөніндегі келіссөзге дәлел ғана болатынын мәлімдеді. Келіссөзден нәтиже шықпаса баж салығы енгізілмейді.

Сарапшылардың пікірінше, Пекиннің жауабы мен Трамптың оған реакциясы екі ел арасында сауда соғысы жүруі ықтималдығын арттырады. Нью-Йорк қор биржасында 5 сәуір күні кешке фьючерс бағамдары күрт түсіп кетті.

AzattyqTV

Түрксіб темір жолы қалай салынып еді?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:45 0:00
XS
SM
MD
LG