Accessibility links

Қырғызстанда журналистері билікті сынаған адамның ұсталғанын айыптады


Темірлан Ормуков, қырғызстандық белсенді.
Темірлан Ормуков, қырғызстандық белсенді.

Қырғызстанда журналистердің "Сөз бостандығын қорғау комитеті" азаматтық белсенді Темірлан Ормуковтың қамалғанына наразылық білдіріп мәлімдеме жасады.

"Сөз бостандығын қорғау комитеті көз жанарына қатысты мүгедек, ақын Темірлан Ормуковты күшпен қолына кісен салып, тергеу абақтысына қамауды адамгерлішікке жат әрекет деп қабылдаймыз" делінген мәлімдемеде.

Комитет бұл іске Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің және парламенттің тікелей араласуын сұрап, прокуратура, сот және милицияның "қатыгез" әрекеттерін айыптайды.

2016 жылы бас прокуратура интернеттен Темірлан Ормуковтың сол кездегі президент Алмазбек Атамбаевты сынаған өлеңдерін тауып, "аймақаралық араздық туғызды" деген айыппен қылмыстық іс қозғаған. Бас прокуратураға депутат Дастан Бекешев арызданған.

Кейін Ормуков Бекешевтің үстінен "заңды бұзып отыр" деп сотқа шағым түсірген. Бірақ арыздағы ақпарат расталмады деп, белсендінің өзіне "қылмыс жасады деп жалған ақпарат берді" деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.

Бішкектің Октябрь аудандық соты Ормуков отырысқа келмеді деп, оны бір айға қамау туралы шешім шығарған. Онымен қоса, пәтерін де арестке алған. 5 сәуірде оны ауруханада жатқан жерінен милиция өкілдері қолына кісен салып, күштеп алып кеткен.

XS
SM
MD
LG