Accessibility links

Пәкістан премьері Ауғанстанға сапарлап барады


Шахид Хакан Аббаси, Пәкістан премьер-министрі.
Шахид Хакан Аббаси, Пәкістан премьер-министрі.

Пәкістан премьер-министрі Шахид Хакан Аббаси 6 сәуірде Ауғанстанға тарихи маңызы бар сапармен барады. Сапар екі ел қарым-қатынасындағы шиеленісті бәсеңсітуге ықпал етеді деген болжам бар. Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мохаммад Файсал премьер 5 сәуірде журналистерге бір күндік сапары барысында бірнеше мәселені, оның ішінде Кабул мен "Талибан" қозғалысы арасында келіссөз өткізуге ықпал ету жайын талқылайтынын хабарлаған.

"Пәкістан Ауғанстан жүргізе бастаған бейбіт процесті қолдайтынын тағы да білдірді. Пәкістан ауған мәселесінің келіссөз және саяси процесс арқылы шешілгенін қалайды" деп мәлімдеді Файсал.

Шахид Хакан Аббаси премьер ретінде Ауғанстанға бірінші рет сапарлап бармақ.

Ауғанстан мен АҚШ билігі бұған дейін Пәкістанды Ауғанстанда әрекет ететін терроршыларды паналатып отыр деп бірнеше рет айыптаған. Исламабад бұл айыптауларды терістеген.

Аббас Ауғанстанға сапары қарсаңында "Ауғанстанда бейбітшілік орнағанын дәл Пәкістан сияқты ешкім тілемейді, себебі терроризммен ең көп зардапты біз шегіп отырмыз" деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG