Accessibility links

Ресей мен Қытай: АҚШ ортақ мәселелерде біржақты қимылдағысы келеді


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Қытай сыртқы істер министрі Ван И. Мәскеу, 5 сәуір 2018 жыл.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Қытай сыртқы істер министрі Ван И. Мәскеу, 5 сәуір 2018 жыл.

Ресей мен Қытай сыртқы істер министрлері АҚШ-ты Иранның ядролық келісімінен бастап ғаламдық жылыну пактісіне дейінгі ортақ қабылданған келісімдерді бір жақты түрде өзгертуге талпынып жатыр деп айыптады.

Мәскеуде Қытай сыртқы істер министрі Ван Имен кездесуден кейін сөйлеген Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің "көп елдің қатысы я мүддесі бар мәселелерді жалғыз өзі шешкісі келетінін" мәлімдеді. Ол бұған мысалға АҚШ-тың 2015 жылы әлемдік державалардың Иранмен жасасқан келісімін оған қатысқан басқа елдердің қарсылығына қарамастан қайта қарауға бекініп отырғанын келтірді. Лавров Трамптың 166 мемлекет қол қойған ғаламдық климат жөніндегі Париж келісімін өзгертуді талап еткенін де айтты.

"Мұның дипломатияға қатысы жоқ. Бұл - өзгелердің пікіріне пысқырмай, өз мүддесін ғана іске асыруға тырысушылық. Біржақтылық - қашан да жақсы емес және ол сыртқы саясаттың негізгі құралына айналса мүлдем жаман" деді Лавров. Оның сөзінше, "Қытай мен Ресей барлық тараптың мүдделерін ескеруге құрылған байыпты ымыра іздеуге қашан да дайын екенін талай рет көрсеткен".

"Біз кез-келген мәселені шешуде тікелей диалог болғанын қалаймыз" деді Сергей Лавров.

XS
SM
MD
LG