Accessibility links

HRW: Қазақстан билігі журналистерді қудалауын тоқтатсын


Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының логотипі.

"Қазақстан билігінің Forbes Kazakhstan журналы мен Ratel.kz сайтына қарсы жылдам іс қозғап, олар жасады деген қылмыстық әрекеттің қалай болғаны құпия болуы елдегі БАҚ еркіндігінің әлсіздігін көрсетеді" деп мәлімдеді Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы.

Ұйымның Орталық Азия бойнша зерттеушісі Мира Риттманның айтуынша, Қазақстан билігі елде баспасөз еркіндігі бар деуі үшін қылмыстық қудалауды жойып, кәсіби қызметін атқарып жүрген журналистерді қуғындау үшін жала жабатын заңдарды пайдалануын доғаруы тиіс. "Forbes Kazakhstan пен Ratel.kz-ке қарсы соңғы әрекет Қазақстанда тәуелсіз БАҚ-ты тұншықтыруға кезекті рет әрекет жасауға түрткі болады" дейді Мира Риттман.

2 сәуір күні Алматыда полиция Ratel.kz сайты мен Forbes Kazakhstan журналының редакцияларында "жалған ақпарат тарату" ісіне байланысты тінту жүргізген. Бұл іс бұрынғы қаржы министрі, бизнесмен Зейнолла Кәкімжановтың арызынан кейін қозғалған. Кәкімжанов Forbes.kz және Ratel.kz сайттарында соңғы жылдарда өз қызметіне байланысты жарияланған бірнеше мақаланы "қара пиар" және "жалған" деп атайды. Мақалада Кәкімжановтың "сыбайлас жемқорлыққа қатысы бары" айтылады.

Оқи отырыңыз: Полиция Forbes пен Ratel-дің кеңсесіне жетті

HRW Қазақстан Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактіге қосылғанын, ал билік елде баспасөз еркін екенін айтады. "Бірақ Қазақстандағы журналистер жиі қылмыстық қудалауға ұшырап, оларға қомақты айыппұл салынады" делінген ұйым мәлімдемесінде.

AzattyqTV

78 жастағы атлет
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00
Аққоян Ырсалиев

78 жастағы атлет

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG