Accessibility links

Twitter: Екі жылда 1 миллионнан астам аккаунт жабылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Twitter әлеуметтік желісі 2015-2017 жылдары аралығында 1,2 миллион аккаунтты "терроризмді көтермелегені" үшін бұғаттағанын мәлімдеді. Бұл шара әлеуметтік желіде зорлық-зомбылық элменттері бар материалдарға жол бермеу кампаниясы аясында қолданылған.

"Біз сайтымызда терроризмді қолдауға ұмтылатындарға орын бермеуді көздейтін көп жылдық жұмысымыздың оң нәтиже бергенін байқап отырмыз. Яғни, Twitter-де мұндай сипаттағы белсенділік кәдімгідей азайтылды" делінген әлеуметтік желі таратқан мәлімдемеде.

Әлемде бірқатар елдің үкіметі Twitter мен басқа да әлеуметтік желілерді зорлық-зомбылық актісіне шақыратын аккаунттарға шара қолдануды талап еткен. Twitter өз қызметінің ашықтығы туралы соңғы есебінде 2017 жылдың екінші жартысында "терроризмді қолдауға қатысты заңды бұзғаны үшін" 274 мыңнан астам аккаунт жұмысын тоқтатқанын айтады. Бұл көрсеткіш 2016 жылдың екінші жартысындағы көрсеткішпен салыстырғанда 8,4 пайызға аз.

XS
SM
MD
LG