Канаданың Саскачеван провинциясында болған жол-көлік апатынан 14 адам қаза тапқан, көбі - "Гумбольдт Бронкос" хоккейші жастар командасының мүшелері. ВВС мәліметінше, "Нипавин Хоукс" командасымен ойынға кетіп бара жатқан автобус жүк көлігімен соқтығысқан. Қаза болғандардың ішіндегі ең кішсі – 16 жаста.
Төтенше оқиға салдарынан тағы 14 адам зардап шегіп, ауруханаға түскен.
Канада премьер-министрі Джастин Трюдо қазаға ұшырағандардың отбасыларына көңіл айтқан. Нипавин қаласындағы шіркеуде апаттан зардап шеккендердің отбасы үшін қайырымдылық орталығы ұйымдастырылған.