Accessibility links

БАҚ: Трамп пен Ким Чен Ын кездесуіне дайындық жүріп жатыр


Дональд Трамп пен Ким Чен Ын фотоларынан коллаж
Дональд Трамп пен Ким Чен Ын фотоларынан коллаж

АҚШ пен Солтүстік Корея екі ел басшылары Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуін ұйымдастыру туралы құпия тікелей келіссөз өткізіп жатыр. CNN телеарнасына Ақ үй әкімшілігінің бірнеше өкілі кездесуге дайындық жайлы келіссөзде "прогресс байқалатыны" туралы айтқан.

Саммитті қамтамасыз ету шараларымен АҚШ Орталық барлау басқармасы басшысы мен қызметкерлерінің арнайы тобы айналысып жатқаны айтылады. АҚШ пен Солтүстік Корея барлау қызметтерінің ресми өкілдері бірнеше рет өзара байланысқа шыққан, ал бір жолы үшінші бір мемлекеттің аумағында кездесіп, Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның болашақ кездесуі өтетін жерді талқылаған.


CNN телеарнасының хабарлауынша, Солтүстік Корея басшылығы тарапынан Трампқа ресми шақырту жіберілмегеніне қарамастан, Ким Чен Ын өкілдері Пхеньянның Вашингтонмен Корей түбегін ядролық қарудан арылту мәселелерін талқылауға әзір екенін білдірген.

Телеарна дереккөздерінің айтуынша, Солтүстік Корея кездесуді өз территориясында – Пхеньянда өткізгісі келеді. Бірақ, Вашингтонның бұл мәселеге қатысты ұстанымы әзірше белгісіз. Трамп пен Ким Чен Ын кездесуі өтуі ықтимал орындардың бірі ретінде Моңғолия астанасы Улаанбаатар қаласы да аталады.

XS
SM
MD
LG