Accessibility links

Украина "норман төрттігі" кездесуіне қатысу шартын атады


Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин
Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин

Украина егер "норман төрттігі" елдері сыртқы істер министрлері кездесуінің күн тәртібіне қауіпсіздік, тұтқындарды босату және Донбастағы ресейшіл сепаратистер бақылауындағы аймаққа бітімгерлер орналастыру мәселелері енгізілетін болса, онда Киев ол кездесуге қатысуға әзір. Бұл туралы Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин украиналық "Интер" телеарнасы эфирі кезінде мәлімдеген.

Министр германиялық және франциялық әріптестерімен кездесу жоспарын талқылап, позицияларын айқындап жатқаны туралы хабарлаған. Климкиннің сөзінше, егер күн тәртібіне қауіпсіздік, тұтқындарды босату және бітімгерлер туралы үш мәселені енгізудің сәті түссе, онда кездесу өтеді деп үміттенуге болады.


Бұған дейін баспасөз құралдары мамыр айында Германияның Ахен қаласында Донбаста бітімгерлер орналастыру мәселесі бойынша Германия, Франция және Украина лидерлерінің саммиті өтуі мүмкін екені туралы хабарлаған. Мұның алдындағы "норман төрттігі" кездесуі 2016 жылғы қарашаның 29-ы күні Минскіде өткен болатын.

XS
SM
MD
LG