Accessibility links

Вашингтон заңсыз иммигранттармен күресті күшейтті


АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен қорғаныс министрі Джим Мэттис
АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен қорғаныс министрі Джим Мэттис

АҚШ президенті Дональд Трамп елде заңсыз иммигранттарды ұстағаннан кейін босатып қоя беруді доғаруды міндеттейтін меморандумға қол қойды.

Ақ үй басшысы Ішкі қауіпсіздік министрлігіне өзге агенттіктермен бірлесе отырып, осы бұйрықты орындау үшін қабылданған барлық шараларды сипаттайтын есепті 45 күннің ішінде әзірлеуді тапсырған.


Бұған қоса Трамп АҚШ қорғаныс министрі Джим Мэттиске заңсыз иммигранттарды қамау үшін пайдалануға болатын әскери нысандар тізімін даярлауды бұйырған.

Осы уақытқа дейін АҚШ-та құқық органдарының қолына түскен заңсыз иммигранттар өз істері сотта қаралғанша бостандықта жүре алатын.

XS
SM
MD
LG