Accessibility links

Ауғанстанда экстремистік топ басшысы өлтірілген


Ауғанстан картасы
Ауғанстан картасы

Ауғанстанның солтүстігіндегі Жаузжан уәлаятында "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының жергілікті лидері Кары Хикмет қаза тапқан. Үкімет қауіпсіздік күштері сәуірдің 5-і күні радикалды топ жетекшісінің көзін жойған.

Аймақ полициясының басшысы Факыр Мухаммар Жаузжанидің сенбі күні берген ақпаратында Хикметпен бірге жанында болған төрт адам қаза тапқаны айтылған.


Ауғанстанның бірнеше аймағында "Ислам мемлекеті" экстремистік тобын жақтайтындар бар. Олардың көбі Пәкістанмен шекараға жақын маңдағы Талибан бақылауындағы аймақтарда әрекет етеді.

Үкімет күштеріне де, Талибан жасағына да қарсы соғысып жүрген "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы әлі ешбір ауданға толық бақылау орната алмаған.

XS
SM
MD
LG