Accessibility links

Венгрияда парламент сайлауы өтіп жатыр


Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан
Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан

Венгрия азаматтары бүгін парламент сайлауына дауыс беріп жатыр. Сайлау алдында өткізілген сауалнамаға қатысқандардың жартысына жуығы премьер-министр Виктор Орбанның биліктегі ФИДЕС ұлтшылдар партиясын қолдайтындарын білдірген. Егер партия сайлауда жеңіске жететін болса, Еуропа Одағына қырын қарайтын және мигранттарға қатысты қатаң саясат жүргізуді жақтайтын саясаткер үкімет басшылығында үшінші мерзімге қалуы ықтимал.

Сарапшылардың болжамы бойынша, ФИДЕС бұл сайлауда әсіреұлтшыл "Йоббик" партиясынан, социалистер мен бірнеше солшыш және жасылдар топтарынан озуы мүмкін. Әйткенмен жақында өткен муниципалдық органдар сайлауында ФИДЕС күткенегіден аз дауыс алып қалғандықтан, биліктегі партияны қолдаушылар бұған дейін 2010 және 2014 жылдарғы көрсеткіштен төмен болуы да мүмкін. Сонымен бірге Орбан партиясы сегіз жыл бұрынғыдай парламенттегі орындардың үштен екісіне ие болады дегенге қатысты да күмән көп. Сол жолы көпшілік дауысқа ие болуы ФИДЕС партиясына Конституцияға өзгерістер енгізуге мүмкіндік берген.


Венгрияда дауыс беру құқығына ие 8,3 миллион азамат бар. Олар сайлау округі және партиялық тізім бойынша берілетін екі бюллетень арқылы парламентке 199 депутат сайлайды. Шетелде тұратын Венгрия азаматтары электрондық пошта арқылы тек партиялық тізім бойынша ғана дауыс береді.

54 жастағы Виктор Орбан 1998-2002 жылдар аралығында премьер-министр болып қызмет атқарған.

XS
SM
MD
LG