Accessibility links

Бразилияда жемқорлық айыбымен сотталған экс-президент полицияға берілді


BRAZIL - Brazilian President Luiz Inacio Lula da Silva during an act in Rio de Janeiro, Brazil, 02 April 2018 (issued 05 April 2018)

Сот коррупция қылмысына айыпты деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айыруға үкім еткен Бразилияның экс-президенті 72 жастағы Луис Инасиу Лула да Силва сенбі күні полицияға берілген.

Сәуірдің 6-сы күні Бразилия федералдық соты экс-президентті тұтқындау туралы ордер шығарған соң оған өз еркімен полицияға берілуге 24 сағат уақыт берген еді. ВВС-дің хабарлауынша, соңғы екі күн бойы Сан-Паулу жанындағы металлургтер кәсіподағы ғимаратына жасырынған Луис Инасиу Лула да Силва ғимарат маңында жиналған жақтастары алдында сөйлеген сөзінде билікке берілетінін айтқан. Жақтастары оны жібермеуге тырысқан.

Федералдық полиция көлігіне өз еркімен отырған экс-президентті түрмеге жеткізген деп хабарлады жергілікті басылымдар.


2003 жылдан 2011 жылға дейін Бразилия президенті болған Луис Инасиу Лула да Силва мен оның әйеліне Гуаружа курортындағы элиталық жылжымайтын мүлкін декларациясында көрсетпеген және құрылыс компаниясынан 748 мың долларға жуық заңсыз ақша алған деген айыптар тағылған.

Өткен жылы шілде айында сот экс-президентті 9,5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім еткен, кейін жаза мерзімін 12 жылға дейін көбейткен. Сотталушының үкіммен келіспейтіні туралы берген апелляциялық екі шағымын сот қанағаттандырмай тастаған.

Луис Инасиу Лула да Силва өзіне тағылған айыптардың саяси астары бар деп мәлімдеген.

ВИДЕО: Жауапқа тартылған президенттер:

Жауапқа тартылған президенттер
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:29 0:00

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG