Accessibility links

Сирияда ықтимал химиялық шабуылдан ондаған адам өлген


Шығыс Ғутадағы Дума қаласында әуе шабуылы кезінде баланы көтеріп қашып бара жатқан әйел. Сирия, 20 наурыз 2018 жыл
Шығыс Ғутадағы Дума қаласында әуе шабуылы кезінде баланы көтеріп қашып бара жатқан әйел. Сирия, 20 наурыз 2018 жыл

Оппозициялық белсенділер мен құтқарушылардың хабарлауынша, Дамаск түбіндегі Шығыс Ғута аймағында көтерілісшілер қолындағы соңғы қала - Думада химиялық қару қолданылған деп болжанған шабуыл салдарынан ондаған адам ажал құшқан.

Оппозициялық күштермен байланысы бар "Ақ дулыға" тобы мен өзге де белсенділердің мәлімдеуінше, сәуірдің 7-і күні Думаға тікұшақтар тастаған бөшкелердің ішінен тарағын улы газдан адамдар тұншыққан. Сирия билігі мен Мәскеу "жалған" деп атаған ақпаратты тәуелсіз дереккөздері арқылы тексеру мүмкін болмай отыр.


АҚШ егер ақпарат расталса, онда Сирия президенті Башар Асад үкіметіне әскери және дипломатиялық жәрдем танытып отырған Ресей "сайып келгенде ол үшін жауапты болады" деп мәлімдеген.

Жексенбі күні Ресей қорғаныс министрлігі Сириядағы Шығыс Ғута аймағында химиялық қару қолданылған деген ақпаратты "үзілді-кесілді жоққа шығаратыны" туралы мәлімдеген.

Ықтимал химиялық қару шабуылынан қаза тапқандар жайлы қарама-қайшы деректер айтылып отыр. "Ақ дулыға" тобы құрбан болаған адам саны 40-тан 70-ке дейін жетеді дейді. Олардың сөзінше, улы газдан зардап шеккен адамдардың қарашығы үлкейіп, аузынан көбік аққан.

Syrian American Medical Society ұйымы мен Думадағы азаматтық қорғаныс күштерінің бірлескен мәлімдемесінде шабуыл салдарынан 49 адамның мерт болғаны, медициналық орталықтарға дем алуы қиындап, хлорға ұқсас иіс мүңкіген 500-ден астам адам түскені айтылған.

XS
SM
MD
LG