Accessibility links

Қырғызстан мен Өзбекстан премьерлері шекарадағы жағдайды талқылады


Қырғызстанның Өзбекстанмен шекарасындағы тексеру бекеті, Баткен облысы (Көрнекі сурет).
Қырғызстанның Өзбекстанмен шекарасындағы тексеру бекеті, Баткен облысы (Көрнекі сурет).

Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков пен Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов 8 сәуір күні телефонмен сөйлесіп, екі ел шекарасында өзбекстандық шекарашылар Қырғызстан азаматын атып тастаған оқиғаны талқылады.

Өзбекстан үкіметі баспасөз қызметінің мәліметінше, тараптар 9 сәуірде екі ел шекара қызметі және басқа да тиісті ведомство басшыларының кездесуін өткізуге уағдаласқан. Біріккен жұмысшы тобы оқиғаны жіті тексеріп, оның қорытындысын таяу уақытта баяндауы тиіс.

7 сәуірде Жалалабад облысының Аксый ауданындағы шекараның Мамай учаскесінде өзбек шекарашысы Қырғызстан азаматына белгісіз себеппен оқ атқан. Қырғызстан азаматы жарақаттанып, ауруханада көз жұмған.

Өзбекстан шекара қызметінің мәліметінше, қырғызстандық ер адам шекарашының "тоқта" деген бұйрығына бағынбай, ескерту ретінде оқ атқанын елемеген және жараланғанына қарамастан көрші ел аумағында жасырынып қалған.

XS
SM
MD
LG