Accessibility links

FIDE Илюмжиновтен отставкаға кетуді талап етті


Кирсан Илюмжинов, Халықаралық шахмат федерациясының президенті.

Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) басшысы Кирсан Илюмжиновтің дереу отставкаға кетуін талап етті. Федерация үндеуі ұйым сайтында жарияланды.

FIDE мұндай талапты ұйым АҚШ Қаржы министрлігі Илюмжиновке санкция салуына байланысты қаржылық қиындықтарға тап болғандықтан және санкция "шахматты сүйетіндердің халықаралық федерацияға деген сеніміне нұқсан келтіріп, беделіне кері әсер ететіндіктен" қойып отырғанын айтады.

Илюмжиновтің FIDE басшысы қызметінен кетуі туралы мәселе ұйымның президенттік кеңесінің 7-8 сәуір күндері Минскіде өткен жиынында көтерілді. Кеңестің 14 мүшесі Илюмжиновтің отставкаға кетуін қолдаған.

Бұған дейін Халықаралық шахмат федерациясы қаржылық операциясын жүзеге асыратын швейцариялық UBS банкі Илюмжиновке санкция салынғанына байланысты сәуірде ұйымның банк есепшотын жабатынын ескерткен. 2017 жылы наурызда оның отставкаға кететіні туралы ақпарат FIDE сайтында жарияланған. Ол кезде Илюмжинов АҚШ санкциясына бола өзінің ұйым қызметіне кедергі келтіріп отырғаны дәлелденгенде ғана қызметінен кететінін мәлімдеген.

Кирсан Илюмжинов FIDE-нің 1995 жылдан басқарып отыр. 2015 жылы АҚШ оған санкция салғандықтан өкілеті біраз шектелген. Бұдан соң Илюмианов АҚШ қаржы министрлігінің үстінен абыройы мен қадыр-қасиетін қорғауды және моральдық әрі материалдық шығын ретінде 50 миллиард доллар өндіріп беруді талап етіп, сотқа арызданған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG