Accessibility links

Өзбекстан Тәжікстанға қайтадан газ тасымалдай бастады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Өзбекстан Тәжікстанға газ тасымалдауды қайта бастады деп хабарлады өзбекстандық БАҚ. Өзбекстан Тәжікстанға газ тасымалдауды 2012 жылы тоқтатқан еді. "Тәжіктрансгаз" компаниясы бас директорының орынбасары Шавкат Шоимов Өзбекстан газы Тәжікстанның Турсунзада ауданын газбен қамтамасыз етіп, "өнеркәсіп орындарының жұмыс тиімділігін арттыратынын" айтты. Турсунзада ауданында Тәжік аллюминий компаниясы (ТАЛКО) орналасқан.

Газ сағатына 125 мың текше метр газ өтетін Музрабад-Душанбе газ құбырының екі тармағы бойынша тасымалданады. Жақын келешекте газбен қамтылатын аумақ көлемін ұлғайту жоспарланып отыр. "Тәжіктрансгаз" өкілі сонымен қатар "Өзтрансгаз" компаниясымен табиғи газ транзиті бойынша ынтымақтастық орнату жоспары барын хабарлады.

Тәжікстанға табиғи газ экспорттау туралы келісімге Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің наурызда Душанбеге жасаған сапарында қол қойылған. Келісім бойынша, Өзбекстан биыл 15 миллион долларға 126 миллион текше метр газ экспортталмақ.

XS
SM
MD
LG