Accessibility links

Қазақстандық топ Еуропарламент өкілдерімен кездесті


Әкежан Қажыгелдинмен жүздесіп отырған бір топ қазақстандық белсенді. Брюссель, 8 сәуір 2018 жыл.
Әкежан Қажыгелдинмен жүздесіп отырған бір топ қазақстандық белсенді. Брюссель, 8 сәуір 2018 жыл.

Қазақстандық бір топ оппозиция өкілі, азаматтық белсенді мен журналист Брюссельде "Жаңа Қазақстан" деп аталатын форум өткізіп жатыр. Азаттық тілшісінің Брюссельден хабарлауынша, форум аясында бүгін қазақстандықтар Еуропа парламентінің депутаттарымен, оның ішінде парламенттің Орталық Азия және Қазақстан бойынша бөлімінің өкілдерімен кездесті.

Брюссельге барған саясаткер Әміржан Қосановтың айтуынша, қазақстандық топ форум аясында екі күнде - бүгін және ертең жиыны жеті кездесу өткізеді. Кездесуде Қазақстандағы сөз бостандығы, саяси ахуал, адам құқығы мәселелері қозғалмақ.

Саясаттанушы Айдос Сарым кездесуде геосаяси ахуал, Ресеймен қарым-қатынас сияқты жағдайлар талқыланғанын айтады.

Қазақстаннан барған топ 8 сәуір күні осы жиынды ұйымдастырушы, шетте тұратын бұрынғы премьер-министр Әкежан Қажыгелдинмен кездескен. Жиын соңында Азаттыққа сұхбат берген Әкежан Қажыгелдин соңғы бір жыл ішінде Қазақстанда болып жатқан саяси қимылдар әлдекімнің билікті басқа біреудің қолына беру жағдайын тудырып жатқан сияқты" көрінетінін айтқан. Қажыгелдин форумнан соң Қазақстанның жаңа конституциясының жаңа жобасын дайындайтынын, онда президенттің билікте екі мерзімнен артық отырмауы сияқты бап болатынын айтқан.

Әкежан Қажыгелдинннің Азаттыққа берген сұхбаты. Брюссель. 8 сәуір, 2018 жыл

XS
SM
MD
LG