Accessibility links

Меркель мен Путин телефонмен келіссөз жүргізді


Ресей президенті Владимир Путин мен Германия канцлері Ангела Меркель. Гамбург, 7 шілде 2017 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин мен Германия канцлері Ангела Меркель. Гамбург, 7 шілде 2017 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель мен Ресей президенті Владимир Путин телефонмен сөйлесіп, Украина шығысындағы жағдайды және Сириядағы кезекті химиялық шабуылды талқылады. Бұл жайында Кремль сайты мен Бундестаг сайтында хабарланды. Келіссөз кімнің ұсынысы бойынша жүргізілгені және ол туралы егжей-тегжейлі мәлімет айтылмады.

7 сәуірде Сирияда президент Башар Асад әскерінің шабуылы кезінде Дума қаласында ықтимал химиялық қару қолданылған. Шабуылдан 40-тан 70-ке дейін бейбіт тұрғын қаза тауып, 300-ден астам адам зардап шеккен. Құрбандар арасында әйелдер мен балалар да бар. Химиялық шабуыл Асад билігін қолдайтын Ресей Сириядағы химиялық қаруды жою міндетін мойнына алғанына қарамастан жасалып отыр. АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон бұған кінәлілерді жазалайтынын мәлімдеді.


Донбаста 8 сәуір күні Ресей қолдайтын сепаратистер бітімді елеместен үкімет әскерінің шебін 35 рет атқылап, бес украин сарбазы жараланған. Киев өз-өзін жариялап алған республикалардың сепаратистері Минск келісімі бойынша тыйым салынған ірі калибрлі минометтен оқ атқанын айтады.

Меркель мен Путин телефонмен жиі сөйлесіп тұрады. Олар телефонда Сириядағы дағдарыс пен Украина шығысындағы ахуалды бірнеше рет талқылаған.

XS
SM
MD
LG