Accessibility links

Мәскеу АҚШ санкциясын "жөнсіз" деп атады


Дмитрий Песков, Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы.
Дмитрий Песков, Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы.

Ресей АҚШ-тың өткен аптаның соңында салған жаңа санкциясын "жөнсіз және заңсыз" деп атап, оған жауап шараларын қолдануға құқығы барын мәлімдеді.

9 сәуірде Ресей президенті әкімшілігіндегі жоғары шенді шенеунік ресейлік компанияларға келтірілген шығын көлемін есептейтінін және Вашингтон санкциясына ұшыраған ресейлік ірі компанияларға көмек көрсететінін де айтты. Ресейлік шенеуніктер мәлімдемесін қор нарығында рубль құны құлдырап, ресейлік қор биржаларының индексі төмендеген кезде айтты.

Санкцияға ресейлік олигарх Олег Дерипасканың компаниялары, оның ішінде ірі алюминий компаниясы - "Русал" да іліккен.

Forbes журналының есебінше, санкция салынған соң ресейлік ең бай 50 адамның дәулеті бір тәулік ішінде 12 миллиард долларға кеміген.

6 сәуірде АҚШ Ресей президенті Владимир Путинмен байланысы бар ресейлік қауіпсіздік органдарының бірқатар шенеунігі, саясаткерлер мен олигархтардың активін бұғаттап, қаржылық шектеулер енгізген. АҚШ Қаржы министрлігі санкцияны Ресей билігінің "әлемде қаскөйлік әрекеттер жасауына" жауап ретінде салған.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жаңа санкцияларды "заңды өрескел бұзу" деп атады. Ресей премьер-министрі Дмитрий Песков Мәскеу жауап шараларын жасауды өз құзыретіне қалдыратынын айтып, үкіметке санкцияға іліккен компанияларды қолдау шаралары бойынша "нақты ұсыныстар" дайындауды тапсырды.

Ресей олигархтары бір күнде 12 миллиард долларынан айырылды

XS
SM
MD
LG