Accessibility links

БАҚ: Юлия Скрипаль ауруханадан шықты


Юлия Скрипаль, Ресей сыртқы барлау қызметінің бұрынғы агенті Сергей Скрипальдің қызы.
Юлия Скрипаль, Ресей сыртқы барлау қызметінің бұрынғы агенті Сергей Скрипальдің қызы.

Солсбериде әкесі Сергей Скрипальмен бірге уланған Юлия Скрипаль ауруханадан шығарылды деп хабарлады өз дереккөздеріне сілтеген британдық БАҚ. Әзірге ресми органдар бұл ақпаратты растай қойған жоқ. Юли Скрипаль жүйке жүйесін жансыздандыратын заттан уланған соң ауруханада емделген.

Sky News телеарнасының хабарлауынша, Юлия Скрипаль ауруханадан 9 сәуірде-ақ шығарылған. BBC оны "қауіпсіз жерге орналастырылған болуы мүмкін" деп болжайды. Дәрігерлер 10 сәуір күні Юлия Скрипальдің денсаулығы туралы арнайы мәлімдеме жасайды деген болжам бар.

Юлия Скрипаль 4 наурыз күні әкесі, Ресей сыртқы барлау қызметінің бұрынғы офицері Сергей Скрипальмен бірге уланып, ауруханаға түскен. Олар біраз уақыт ес-түссіз жатқан, бірақ кейін денсаулығы біртіндеп жақсара бастаған. Әуелі Юлия, сосын әкесі есін жиды. Дәрігерлер олардың денсаулығына "жақсарып келе жатқанын" айтады.

Юлия Скрипаль өзіне келген соң журналистермен сөйлеспеді. BBC-дің мәліметінше, ол алдағы күндері баспасөз конференциясын бермек.

Ұлыбритания Ресейді Сергей Скрипаль мен қызына қастандық жасауды ұйымдастырды деп айыптайды. Британдық тергеушілер дерегінше, әкелі-балалы Скрипальдер СССР кезінде жасалған адам жүйке жүйесін жансыздандыратын "Новичок" деген заттан уланған.

XS
SM
MD
LG