Accessibility links

Қырғызстан саясаткері "билікті басып алу" айыбымен сотталды


Мавлян Аскарбеков, қырғызстандық саясаткер.
Мавлян Аскарбеков, қырғызстандық саясаткер.

Бішкектің Первомай аудандық соты "Эркин эл" саяси партиясының лидері Мавлян Аскарбековті "билікті басып алмақ болды" деген айып бойынша кінәлі деп тапты. Оған 50 мың сом (700 доллардан астам) көлемінде айыппұл салынды.

Сотталушы сот шешіміне келіспейді және оған қалалық сотқа шағымданбақ.

Мавлян Аскарбековке қатысты Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-тармағы бойынша ("Конституциялық құрылымды күшпен өзгертіп, билікті тартып алуға жария түрде шақыру") іс қозғалған.


Тергеу мәліметі бойынша, Мавлян Аскарбеков "Учкун-2" және Дачи-Су ауылындағы халықпен кездесуде билік осы ауыл тұрғындарының мәселесін шешу керек деген.

Белсенді болса өзіне тағылған айыптарды теріске шығарып, "оппозициялық ісіне бола" қуғындалып жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG