Accessibility links

Трамп Сирияға бола Латын Америкасы сапарынан бас тартты


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп Сириядағы жағдайдың шиеленісіп кетуіне байланысты Колумбияға сапарынан және Перуде өтетін Латын Америка елдерінің саммитіне қатысудан бас тартты.

Президент сапары осы аптаның соңында басталуы керек болған. Енді Трамптың орнына вице-президент Майк Пенс барады. "Дональд Трамп Сириядағы жағдайға байланысты америкалық кеңесті үйлестіру және халықаралық жағдайды қадағалау үшін Ақ үйде қалады" деп мәлімдейді Ақ үй әкімшілігі.

АҚШ президенті осының алдында Сирияның Дума қаласындағы химиялық шабуылды айыптап, оған Сирия президенті Башар Асад және Ресей мен Иран жауапты деп мәлімдеген. Трамп Құрама Штаттардың химиялық шабуылға жауап ретінде қолданатын бірнеше құралы барын мәлімдеген. АҚШ Сириядағы іс-қимылдарын Франция және Ұлыбритания секілді одақтастарымен үйлестіріп отыр.

Ресей және ресми Дамаск химиялық шабуыл болғанын жоққа шығарады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сәуірдің 10-ы күні Сириядағы жағдайды талқылады. АҚШ Думадағы химиялық шабуылды зерттеу жөнінде қарар жобасын ұсынып, Ресей оған вето қойды.

XS
SM
MD
LG