Accessibility links

Биржада теңге бағамы тағы түсті


Астанадағы ақша айырбастау пунктіндегі валюта бағамы. 11 сәуір 2018 жыл.
Астанадағы ақша айырбастау пунктіндегі валюта бағамы. 11 сәуір 2018 жыл.

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың теңгеге шаққандағы орташа бағамы екінші күн қатарынан көтерілді. 11 сәуір күні таңертеңгі сессияда доллардың орташа бағамы 330 теңге 68 тиынды құрады. 10 сәуір күні күндізгі сессияда доллар бағамы 325 теңге 37 тиын болған. Биржада таңертеңгі саудада 320,4 миллион доллар сатылған.

Ақша айырбастау орындарында доллар 3-328 теңге аралығында сатылып жатыр.

Қазақстанда доллар бағамы АҚШ Ресейге жаңа санкция салып, салдарынан Ресей қор нарығында акция бағамдары құлдырағаннан кейін көтеріліп отыр.

XS
SM
MD
LG