Accessibility links

Еркін Ізбасар сотта өзін "қинағанын" мәлімдеді


Мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ" деген күдікпен сотталып жатқан адамдардың соты. Ақтөбе, 20 қараша 2017 жыл.
Мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ" деген күдікпен сотталып жатқан адамдардың соты. Ақтөбе, 20 қараша 2017 жыл.

Ақтөбеде "мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ" деген күдікпен ұсталған 26 адамның ісі бойынша сот процесі жалғасты. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бүгінгі сотта "мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ жетекшісі" Еркін Ізбасар тергеуде өзін "қинағанын" мәлімдеді. Іс Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында қаралып жатыр. Сот барысын журналистер монитор орнатылған бөлек залдан бақылап отыр.

Сотта жауап берген Еркін Ізбасар өзінің осымен үшінші мәрте сотталып тұрғанын, 10 жыл бұрын сотталғанда үйіне "әдейі қару лақтырылғанын" айтты. Оның сөзінше, ол кезде тергеу "қарудың өзінікі екенін дәлелдей алмаған".

"Бұл жолы да басыма қапшық кигізіп, сабады. Тісімді сындырып, үстіме шығып секірді" деді Еркін Ізбасар.

Сотта Ізбасар "осы кезге дейін жауап берген сотталушылардың бірі де өзіне қарсы куәлік бермегенін" айтты. Ол сотталушылардың бірінен "Дүсіпов, сен айтшы, сен мені көрдің бе?" деп сұрады. Сұраған адам оған "жоқ" деп жауап берді.

Бұл іс бойынша сотталушылардың бірі Қалдымұрат Қартжан да бұған дейінгі сотта өзіне "тергеуде қысым жасалғанын" мәлімдеген.

Ақтөбеде "мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ" деген күдікпен ұсталған 26 адамның ісі бойынша сот процесі желтоқсанның 5-і күні басталған.

Оқи отырыңыз: «Мұнай ұрлаған» күдіктінің бірі – полиция полковнигі

"Қылмыстық топқа жетекшілік еткен" бірінші топ мүгедегі Еркін Ізбасар тергеу Қылмыстық кодекстің 13 түрлі бабы бойынша айыпталып отыр. Сотталушылардың 17-сі тергеу изоляторында, ал 9-ы ешқайда шықпау туралы қолхатпен бостандықта жүр. Сотталушылар арасында облыстық ішкі істер департаменті басшысының бұрынғы орынбасары да бар.

XS
SM
MD
LG