Accessibility links

Хабаровскіде тікұшақ құлап, 6 адам қаза тапты


Хабаровскіде тікұшақ құлаған орында жүрген құтқарушылар. Ресей, 11 сәуір 2018 жыл.
Хабаровскіде тікұшақ құлаған орында жүрген құтқарушылар. Ресей, 11 сәуір 2018 жыл.

Ресейдің Хабаровск қаласында 11 сәуірде Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, алты адам қаза тапты.

Аймақтық төтенше жағдай қызметінің мәліметінше, "Восток" әуе компаниясының тікұшағы оқу-жаттығуға ұшып шығып, қала маңындағы ашық алаңқайға қатты қонған. Жерге қонған кезде тікұшақ өртеніп, сынықтары радиусы бір километр жерге дейінгі аумаққа шашылып кеткен.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Апатқа қолайсыз ауа-райы, техникалық ақау және ұшқыштың қателігі себеп болуы мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр. Тікұшақтың экипаж бортындағы ақпаратты жазып алатын құрылғысы - екі "қара жәшік" те табылды.

Хабаровск өлкесінде 12 сәуір тікұшақ апатынан қаза тапқандарды аза тұту күні деп жарияланды.

XS
SM
MD
LG