Accessibility links

Reddit "сайлауға ықпал еткен" аккаунттарды бұғаттады


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Reddit қызметі "тролль фабрикасы" деп аталатын Интернет зерттеулері агенттігімен байланысы бар делінген 944 аккаунтты бұғаттады. Бұл туралы порталдың бас атқарушы директоры Стив Хафман хабарлады.

Хафман бұғатталған қолданушылардың кейбірі сайт жұмысына үлкен ықпал етіп, осы аккаунттарға сілтемелер салып отырған. "Біз оларды өзімізге көрініп тұратындай қылдық, бірақ уақыт өте келе ол аккаунттар және олардың контенті Reddit-тен жойылады" деп жазды Хафман.

АҚШ-та "Интернет зерттеулері агенттігі" 2016 жылы өткен президент сайлауы кезінде әлеуметтік желілерге бұрыс ақпарат жариялады деп айыпталып отыр. Биыл наурыздың басында АҚШ Сенатының барлау ісі жөніндегі комитеті Reddit өкілдерін Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға ықтимал килігуі ісі бойынша сөйлесуге шақырған.


Өткен аптада Facebook "тролль фабрикасымен" байланысы бар ресейлік жүздеген акканут пен парақшаны жойған. Жойылған аккаунттар мен материалдардың көбі орыс тілінде болған.

2017 жыл тамызда АҚШ-тың арнайы прокуроры Роберт Мюллер "АҚШ-тағы 2016 жылғы президент сайлауына Ресейдің килігуін" тексеру үшін алқа соты кеңесін шақырған. Мюллер "президент Дональд Трамп штабы Трамптың қарсыласының сағын сындыру үшін Кремльмен әрекет етті ме?" деген мәселені анықтап жатыр. Мәскеу өзге елдердегі сайлауға киліккенін жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG