Accessibility links

Сот Саят Ыбырайды қамаудан мерзімінен бұрын босатты


Саят Ыбырай.
Саят Ыбырай.

11 сәуір күні Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық алқасы 12 жылға сотталған ғалым, техника ғылымдарының докторы Саят Ыбырайдың өзін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарап, оны қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Бұл туралы Азаттыққа Саят Ыбырайдың адвокаты Абзал Құспан хабарлады.

- Қазір ғана соттан шықтық. Біздің өтінішіміз толық қанағаттандырылды. Семей қалалық сотының шешімі бұзылды. Бүгін үлгермейтін шығар. Ертең Саят Ыбырай шығуы керек, - деді ол Азаттық тілшісіне.


Адвокатының айтуынша, сот шешімі бүгіннен бастап күшіне енеді. Бұған дейін елдегі ғалымдар, қоғам қайраткерлері Қазақстан президентіне Саят Ыбырайды босатуды сұрап бірнеше мәрте хат жазған. 52 жастағы Саят Ыбырай 2010 жылы қамауға алынып, 2011 жылы 19 қазанда "сопылар ісі" бойынша "қылмыстық топ құрды" деген айыппен 12 жылға сотталған еді. Ол 2011 жылы желтоқсанда сырттай Әлихан Бөкейхан атындағы сыйлыққа ие болған. 2013 жылы қазақстандық құқық қорғаушылардан құралған сарапшылар тобы Саят Ыбырайды елдегі "саяси және ар-ұждан тұтқындары" қатарына кіргізген.

Оқи отырыңыз: Бүгінгі "саяси қуғын көрушілер" кімдер?

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG