Accessibility links

Қырғыз-өзбек шекарасында жанжал шықты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Баткен облысындағы Сох өзбек анклавының тұрғындары Қырғызстан азаматын ұрғаны хабарланды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне Суу-Башы ауыл кеңесінің басшысы Құдайберді Козуев айтқан. Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметі ақпаратты тексеріп жатқандарын мәлімдеді.

Козуевтің айтуынша, Боз-Адыр, Кара-Токой және Ширеч ауылдарының тұрғындары ауыз суды "Ширеч" су айдау станциясынан алады. 10 сәуірде Сох өзбек анклавындағы Шархабат ауылының тұрғындары станция қызметкерін ұрған. Ол қазір Баткен облыстық ауруханасында жатыр.

Ауыл кеңесі басшысының сөзінше, су станциясы Қырғызстанға қарағанымен Сох анклавының аумағында орналасқан. Қазір жағдайды милиция, шекара қызметі және екі жақтың жергілікті биліктері бақылап отыр. Қырғызстанның Баткен ауданы мен Өзбекстанның Сох ауданының әкімдері келіссөз жүргізбек.

2018 жылы 7 сәуірде Жалал-Абад облысы Аксый ауданында өзбек шекарашылары Қырғызстан азаматына белгісіз себептермен оқ атқан. Ауыр жараланған азамат ауруханада қаза тапты.

XS
SM
MD
LG