Accessibility links

Әлиев Әзербайжан президенті сайлауында алда келеді


Илхам Әлиев Әзербайжандағы президент сайлауында дауыс беріп тұр. Баку, 11 сәуір 2018 жыл.
Илхам Әлиев Әзербайжандағы президент сайлауында дауыс беріп тұр. Баку, 11 сәуір 2018 жыл.

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев елде өткен мерзімінен бұрын президент сайлауында өзге кандидаттардан алда келеді. Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) таратқан соңғы мәлімет бойынша, сайлауда берілген бюллетеннің 94 пайызы саналды. Оның нәтижесі бойынша, Илхам Әлиев 86 пайыз дауыс жинады. Сайлауға дауыс беру құқығы бар азаматтардың 74,5 пайызы қатысты.

Биліктегі "Жаңа Әзербайжан" партиясын басқаратын Илхам Әлиев осымен қатарынан төртінші мерзімге президент болып сайланайын деп тұр. Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы бұған дейін Әзербайжандай сайлауда сайлаушыларға "жауапты таңдау" жасауға мүмкіндік берілмегенін мәлімдеген.

ОСК дауыс берудің алғашқы нәтижелерін жариялай бастаған соң Әлиев мемлекеттік телеарнадан сөйлеп, "халықтың ортақ жетістіктер мен сәттіліктерге дауыс бергеніне риза екенін" білдірді. Ол "Халық тұрақтылыққа, қауіпсіздік пен дамуға дауыс берді" деп мәлімдеді.

Әзербайжан оппозициясы сайлауға бойкот жариялады. Себебі, заңға сай, сайлау жарты жылдан кейін өтуі тиіс болған. Оппозиция өкілдері билік сайлау мерзімін ауыстыру арқылы президентке нағыз бәсекелестерді халықпен кездесуге кедергі келтірді деп есептейді.

ОСК басшысының орынбасары Натик Маммадов Turan агенттігіне сайлау учаскелерінің қызметкерлері дауыс беру кезінде заң бұзды деген айыптауларды "жалған" деп жоққа шығарды. Бірақ ОСК-ның өзі орнатқан бақылау камераларының біріне Кюрдамир қаласындағы сайлау учаскелерінің біріндегі қызметкерлердің ішінде аз бюллетені бар жәшікті одан екі есе көп бюллетені бар жәшікпен алмастырып жатқан сәті түсіп қалған.

2016 жылы Әзербайжанда Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде даулы референдум өтіп, президенттің өкілетті мерзімі бес жылдан жеті жылға дейін ұзарттылған. Бұған қоса, Илхам Әлиев мерзімінен бұрын президент сайлауын белгілеу құқығын иеленген.

2003 жылы әкесі президент Гейдар Әлиев қайтыс болғаннан кейін билік басына келген Илхам Әлиев содан бері үш мерзім қатарынан Әзербайжан президенті болып сайланған.

Әзербайжандағы президент сайлауы

XS
SM
MD
LG