Accessibility links

ОҚО көші-қон полициясы басқармасының басшысы "парамен ұсталды"


Көрнекі сурет,

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының басшысы Нұрдәулет Төлегенұлы "Ауғанстанның төрт азаматына Қазақстан азаматтығын алуға көмек көрсету үшін пара алу кезінде" ұсталған. Бұл туралы Азаттыққа Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев хабарлады.

Алмас Садубаевтың хабарлауынша, сәуірдің 10-ы күні Нұрдәулет Төлегенұлын Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті жеке қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің жедел тергеу тобы бірге ұстаған. "Ол Ауғанстанның төрт тумасына Қазақстан азаматтығын алуға көмек көрсету үшін пара алу кезінде ұсталды" деді Алмас Садубаев.

Нұрдәулет Төлегенұлы қазір Шымкент қалалық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторында жатыр. Бұл факт бойынша тергеу амалдары басталған.

Пікірлерді көріңіз (1)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG