Accessibility links

Өзбек-қырғыз шекарасындағы жанжалға күдіктілер ұсталды


Қырғызстан-Өзбекстан шекарасындағы жанжал. 11 сәуір 2018 жыл.
Қырғызстан-Өзбекстан шекарасындағы жанжал. 11 сәуір 2018 жыл.

Баткен облысындағы Сох өзбек анклавында "Ширеч" су айдау станциясының жұмысшысын соққыға жыққан төрт өзбек азаматы ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалды деп мәлімдеді Сох ауданының арнайы прокуроры Жахангир Фозилов.

Оның сөзінше, су айдау станциясының жұмысы Сох анклавында орналасқан. Ондағы жұмысшылардың қауіпсіздігін өзбек-қырғыз үкіметі келісіміне сәйкес, өзбек шекарашылары қамтамасыз етуі тиіс.

"Біз шара қолданамыз. Біздің азаматтар кінәлі. Олардың бәрі ұсталды. Тергеу жүріп жатыр. Біз ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың бейбіт тұруы үшін профилактикалық жұмыстар жүргіземіз" - дейді Жахангир Фозилов.

10 сәуірде Сох анклавында су айдау станциясының жұмысшысын Өзбекстанның Шархабат ауылының тұрғындары ұрып кеткен. Қырғыз азаматы ауыр жарақат алып, Баткен облысының ауруханасына жеткізілген.

Өзбекстан аумағында орналасқан су айдау станциясы Қырғызстанға тиесілі. Алдын ала ақпарат бойынша төбелес суға таластан шыққан.

2018 жылы 7 сәуірде Жалал-Абад облысы Аксый ауданында өзбек шекарашылары Қырғызстан азаматына белгісіз себептермен оқ атқан. Ауыр жараланған азамат ауруханада қаза тапты.

XS
SM
MD
LG