Accessibility links

ISI: Ресей әскери кемелері Сирия портынан кетті


Тартус портындағы Ресейдің авиатасығыш кемесі (Көрнекі сурет).
Тартус портындағы Ресейдің авиатасығыш кемесі (Көрнекі сурет).

Ресей әскери кемелері Сирияның Тартус портынан кетіп қалды деп хабарлады Image satellite international (ISI) компаниясы. Компания жариялаған спутниктен түсірілген суреттердің бірінде айлаққа байланған бірнеше әскери кеме (оның ішінде "Адмирал Григорович" фрегаты) мен қосымша кемелер және "Варшавянка" класына жататын екі сүңгуір қайық көрінеді.

11 сәуірде түсірілген екінші суретте бір сүңгуір қайықтан өзге кемелердің барлығы портты тастап шыққаны байқалады.

Компания кемелер теңізге АҚШ пен оның одақтастары Сирия аумағына соққы беруі мүмкін деген қауіптен шығарылған болуы мүмкін екенін айтады.

Ал "Интерфакс" агенттігі Ресей әскери-теңіз флотының Сирия жағалауына жақын жаттығу өткізуге дайындалып жатқанын хабарлады.

АҚШ президенті Дональд Трамп 11 сәуірде Дума қаласындағы ықтимал химиялық шабуылға жауап ретінде Сирия аумағына зымыраннан соққы жасауы мүмкін екенін ескерткен.

Сәуірдің 7-сі күні Сирияның Дума қаласында ықтимал химиялық шабуыл жасалған. Салдарынан 60-тан астам қаза тауып, жүздеген адам зардап шеккен. Батыс елдері химиялық шабуыл Асад әскерінің ісі деп санайды. Дамаск мен Ресей бұл айыптауларды терістеп келеді.

Ақ үйдің хабарлауынша, Трамп Сирияға соққы беруге қатысты түпкілікті шешімін әлі қабылдаған жоқ. БҰҰ Сириядағы жағдай бақылаудан шығып кетуі мүмкін деп ескертіп, тараптарды келіссөзге және ымыраға шақырған.

XS
SM
MD
LG