Accessibility links

Роскомнадзор соттан Telegram-ды бұғаттауды сұрады


RUSSIA -- This illustration picture taken on April 6, 2018 in Moscow shows the Telegram messenger application displayed on the screen of a smartphone.
RUSSIA -- This illustration picture taken on April 6, 2018 in Moscow shows the Telegram messenger application displayed on the screen of a smartphone.

Роскомнадзор соттан Telegram мессенджерін бұғаттауын сұрады. Шағым сотта 13 сәуірде қаралады. Бұл туралы "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

9 сәуір Роскомнадзор мессенджер сот шешімі шықпайынша бұғатталмайтынын мәлімдеген.

Мұның алдында аталған мекеме Telegram мессенджерін Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) сұрауымен бұғаттау туралы сотқа шағымданған. Бұған қоса мекеме мессенджер қолданушылары қалдырған жазбалардың құпия кілтін ФСБ-ге тапсыруды талап еткен. Өткен аптада мессенджар басшылығына берілген уақыт аяқталды.

Telegram басшылығы бұл талаптарды орындаудан бас тартты. Компания қолданушылар мәліметтерін құпия сақтау үшін Ресей Конституциясына жүгінген. Telegram құпия кілттерді беру техникалық жағынан да мүмкін емес деп отыр.

Ресей журналистері Олег Кашин мен Александр Плющев Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа шағымданды. Арызданушылар интернеттегі жазбаларға бақылау орнату Адам құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға қайшы деп есептейді.

XS
SM
MD
LG