Accessibility links

Помпео: АҚШ Ресейге қарсы санкциясын әлі толық қолданған жоқ


Майк Помпео, АҚШ мемлекеттік хатшысы қызметіне ұсынылған кандидат.

АҚШ сенатының халықаралық істер комитеті Майк Помпеоны мемлекеттік хатшы етіп бекіту мәселесі бойынша тыңдау өткізді. Тыңдаудағы басты тақырыптардың бірі - Ресеймен қарым-қатынас болды. Сенаторлар Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) бұрынғы директоры Майк Помпеодан АҚШ-тың Мәскеумен қарым-қатынасын қалай түзгісі келетіні және Ресейге қысымды күшейткісі келе ме, жоқ па деген мәселе бойынша ұстанымын сұрады. Демократ сенаторлар бұл мәселелерде президент Дональд Трамп әкімшілігін Ресейге қатысты айқын стратегиясы жоқ деп сынайды.

Помпеоның тыңдау алдында таратқан жазбаша мәлімдемесінде АҚШ-тың Ресейге қатысты жұмсақ саясат ұстанған дәуірі аяқталғаны, себебі Ресей "басқыншылық саясатын ары қарай жүргізіп отырғаны" айтылады. Помпео Ресейдің әрекеті АҚШ-қа қауіп төндіреді деп біледі. Дегенмен ол Мәскеумен диалогты үзбеу керек екеніне сенімді.

Майк Помпео тыңдауда АҚШ Ресейге қарсы санкция күшін әлі толық пайдаланбағанын мәлімдеді. Ол сонымен қатар Ресейдің 2016 жылы АҚШ-тағы президент сайлауына киліккеніне сенімді екенін растады. Кандидат әлемде демократияны одан ары күшейтіп, адам құқығын қорғау ұстанымына берік екенін білдірді.

Сенаторлар бұдан өзге Помпеодан Солтүстік Кореямен қарым-қатынаспен байланысты мәселелерді және Иранмен жасалған ядролық келісімнен шығуға қатысты пікірін сұрады. Мемлекеттік хатшылыққа кандидат көп мәселе бойынша президент Трамптың саясатымен келісетінін айтты.

13 наурызда президент Дональд Трамп мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонды отставкаға жіберген. Трамп бұл шешімін екеуінің саяси көзқарасындағы қайшылықтан туындады деп түсіндірген.

Комитеттегі 10 орынға демократтар, 11-іне республикашылдар ие. Демократ сенаторлар Помпео кандидатурасын мақұлдауда қиындыққа тап болуы мүмкін екенін айтады. Себебі сенаторлар Помпеоның Трамптың ұлттық қауіпсіздік бойынша жаңа көмекшісі Джон Болтонмен бірлесе жұмыс істегеніне алаңдайды. Сенаторлар Болтонды дипломатиялық дағдарыстарды әскери жолмен шешуді жақтайтын адам деп біледі.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Жаңаөзеннің жазылмаған жарасы
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:41 0:00
Қайрат Досмағамбетов

Жаңаөзеннің жазылмаған жарасы

XS
SM
MD
LG