Accessibility links

Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі: Бастысы - соғысты болдырмау


Василий Небензя, Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі.

БҰҰ-дағы Ресей елшісі Василий Небензя Сириядағы жағдайды "Ресей мен АҚШ арасындағы тікелей қарулы қақтығыс екенін жоққа шығаруға болмайтынын" мәлімдеді.

Оның сөзінше, халықаралық қауымдастықтың ең басты мәселесі - Сирия айналасындағы соғыстың алдын алу. Бірақ Небензя АҚШ-тың Сирияда ресейлік әскер орналасқан аймаққа соққы жасау жоспарын "адам түсінбейтін жағдай" деп атады.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 12 сәуір күні Сириядағы жағдайды жабық талқылады. Сирияға қатысты жағдай 7 сәуірде Дума қаласындағы ықтимал химиялық шабуылдан кейін жағдай бірден ушығып кеткен. Батыс елдері Сирия оппозициясының айыптауынан кейін, Башар Асад режимін қатаң сынға алды. АҚШ пен оның одақтастары химиялық шабуыл жауапсыз қалмауы керегін мәлімдеді. АҚШ, Франция және Ұлыбритания басшылары Сирияға қарсы әуе соққысын жасау мүмкін екенін мәлімдегенімен, әлі нақты шешім қабылдаған жоқ.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі әзірге химиялық шабуылды тексеру жөнінде ​ қарар қабылдай алмай жатыр. Бейсенбі күні Қауіпсіздік кеңесіне Швеция өз жобасын ұсынды.

Сирияға Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ұйым өкілдері барып, ертең 14 сәуір күні химиялық шабуыл жасалды деген Дума қаласын тексермек. Кеше америкалық БАҚ Ақ үй әкімшілігіне сілтеме жасап, АҚШ-та химиялық шабуылдың болғанын растайтын айғақтары бар екенін хабарлаған. Мұны Франция президенті Эммануэль Макрон да растайды. Ресей мен ресми Дамаск болса, химиялық шабуыл жасалды деген ақпаратты "арандату" деп, жоққа шығарады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG