Accessibility links

Ақтөбеде "терроризмді насиxаттаған" тұрғын сотталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ақтөбе қаласының тұрғыны Аян Сауанаев "терроризмді насиxаттады" деген айыппен алты жылға сотталды деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот мәліметінше, тергеу Аян Сауанаевты Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1-бөлімі ("Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, сол сияқты көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату"), 287-бабының 2-бөлімі ("Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды, қысқа ұңғылы тегiс ұңғылы атыс қаруын, сол сияқты оның патрондарын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша айыптаған.


Тергеу материалдарына қарағанда, Аян Сауанаев 2017 жылдың 24 тамызы күні қала тұрғындары арасында "терроризмді насиxаттап, өзін-өзі жарып жіберуге шақырған". Сонымен қатар, тергеу сотталушының 2009-2017 жылдар аралығында "ТОЗ-БМ" аңшы қаруын заңсыз сақтап, 2017 жылғы қараша айында қаруды танысына бергенін анықтаған.

Аян Сауанаевқа қатысты сот үкімі 5 сәуір күні шыққан. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Сотта Аян Сауанаевты қорғаған адвокат Эльвира Өтегенова үкімге разы емесін, аппеляциялық шағым дайындап жатқанын айтты.

XS
SM
MD
LG