Accessibility links

Помпео: Сирияда ұрыста 200 ресейлік қаза тапқан


Майк Помпео, АҚШ мемлекеттік хатшылығына кандидат.
Майк Помпео, АҚШ мемлекеттік хатшылығына кандидат.

АҚШ мемлекеттік хатшылығына кандидат, ЦРУ-дың бұрынғы директоры Майк Помпео сенатта өткен тыңдауда Сирияның шығысында ақпанның басында америкалық әскерилермен ұрыста "екі жүз ресейлік" қаза тапқанын мәлімдеді.

Помпео бұл жайт туралы толымды ақпарат бермеді және мұндай деректі қайдан алғанын айтпады. 7 ақпанда Сирияның Дейр-эз-Зор провинциясында Сирия президенті Башар Асад жағында соғысып жатқан жүздеген жалдамалы АҚШ-тың одақтасы - күрдтерге шабуылдаған. АҚШ авиациясы оған жауап ретінде әуеден соққы беріп, ондаған жалдамалы өлген.

Бұл ұрыстан соң ұзамай әлеуметтік желілерде, сосын БАҚ-та Сирияда Ресей азаматтары - "Вагнер жеке әскери компаниясы" жалдамалылары қаза тапты делінген ақпараттар пайда болған. Әрқилы деректер бойынша, ұрыста 200 адам қаза тапқаны хабарланған. Журналистер қаза тапқан 10 ресейліктің аты-жөнін анықтаған.

Ресей Сыртқы істер министрлігі әуелде ресейліктердің қаза тапқаны туралы фактін терістегенімен, кейін бес адам қаза тауып, ондағанадам жараланғанын мойындаған. Министрлік қаза тапқандар мен жаралылардың қатардағы әскерилер емесін айтқан.

Америкалық әскерилер бұған дейін ұрыс болғанын және шабуылдағандардың көп шығынға ұшырағанын растағанымен, оққа ұшқандардың кім екенін айтпаған.

АҚШ әскерилері ресейлік әскерилерді соққы беретіні туралы ескерткенін, ал олардың қарсы болмағанын айтқан.

XS
SM
MD
LG