Accessibility links

Ресей Мемлекеттік Думасының қарауына үкіметке экономикалық және саяси сипаттағы шаралар қабылдауға өкілет беретін АҚШ пен басқа елдерге қарсы жауап санкциялары туралы заң жобасы түсті. Бұл туралы заң жобасы авторларының бірі - Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володин хабарады.

Заң жобасында Ресейде АҚШ немесе басқа да елдер азаматтарының, оның ішінде жоғары білікті мамандардың жұмысына шектеу қою немесе тыйым салу қарастырылған. Бұдан өзге, Ресейге АҚШ-тан алкоголь немесе темекі, ауыл шаруашылығы өнімдерін, шикізат пен азық-түлік және дәрі-дәрмек жеткізуді шектеу енгізу жоспарланған. Құжат авторлары атом саласы, авиа құрастыру және зымыран қозғалтқыштарын жасау салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты тоқтатуды ұсынған.

"Интерфакс" агенттігінің жоба авторларына сілтеп хабарлауынша, депутаттар Ресейде америкалық тауарларды меншік құқығы иесінің рұқсатынсыз шығара беруді ұсынған. Бірақ нақты қандай тауар шығарылатыны айтылмайды.

Заң жобасы 16 сәуірде Мемлекеттік Дума кеңесінің кезектен тыс жиынында қаралмақ.

6 сәуірде АҚШ Ресейдің 24 азаматы - бизнесмендер мен шенеуніктерге және 14 компанияға санкция салған. Вашингтон санкция Кремльдің 2016 жылы АҚШ-тағы президент сайлауына килігуіне жауап есебінде салынғанын айтады.

АҚШ санкциясы Ресей қор нарығында акция бағамдарының құлдырауына әкеліп соқтырды. 9 сәуірдің өзінде ғана Ресей қор нарығындағы акцияны капиталдандыру 7 пайызға (2 триллион 700 миллиард рубль) төмендеді. Ресей билігі санкцияға іліккен компанияларға қолдау көрсетуге уәде берді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Бішкек маңындағы "санда бар, санатта жоқ" жандар
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:15 0:00
XS
SM
MD
LG