Accessibility links

Өзбекстанда 2 мыңнан астам камера орнатылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Өзбекстан ікші істер министрлігі елдегі уақытша ұстау абақтыларына 1814, ал тергеу абақтыларына 123, арнайы абақтыларға 5, тұрғылықты мекені жоқтарды оңалту орталықтарына 283 видеобақылау камера орнатты. Бұл туралы елдің ішкі істер минстрі Пулат Бобожонов хабарлады.

Оның айтуынша, күдіктілерді уақытша ұстау камераларына 900-ден астам, ал тергеу және адвокатпен кездесу бөлмесіне 327 камера қойылды. Дәліздер мен серуен орындарында да бақылау камералары бар.

Бейнебақылау құралдары, мониторлар мен серверлерді орнатуға 5,2 миллиард сум (643 мың доллар) жұмсалған. Бұл қаржы Өзбекстан ішкі істер министрлігінің бюджеттен тыс арнайы қордан алынған.

XS
SM
MD
LG