Accessibility links

Балтық теңізінде Ресейдің тікұшағы апатқа ұшырады


Ка-29 тікұшағы.
Ка-29 тікұшағы.

Балтық флотының баспасөз қызметі 12 сәуір кешке Балтық теңізінде Ка-29 әскери жүк таситын тікұшақ құлағанын растады. Тікұшақты сынақтан өткізуші екі ұшқыш қаза тапты. Екеуі де әскер тікұшақ дауындайтын кәсіпорында істеген.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2018 жылы 12 сәуірде Балтық теңізі акваториясында түнгі сынақ кезінде Ка-29 тікұшағы апатқа ұшырады. Тікұшақты дайындайтын және сынақтан өткізетін кәсіпорынның екі ұшқышы қаза тапты. Балтық флотының өкілдері апатқа ауа райының қатысы жоқ екенін хабарлады.

Тікұшақ құлаған орында іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. 13 сәуірде бір ұшқыштың денесі табылды.

Ка-29 тікұшағы 1980 жылдары Камов атындағы кәсіпорында шығарылған.

XS
SM
MD
LG