Accessibility links

Путин Сирияға қарсы соққыны "агрессия" деп атады


Ресей президенті Владимир Путин

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ, Ұлыбритания мен Францияның Сириядағы үкімет нысандарына жасаған зымыран шабуылын "егеменді мемлекетке қарсы агрессия акті" деп атап, АҚШ-ты "терроршыларды еркіне жіберді" деп айыптады.

Путиннің пікірінше, АҚШ "Сириядағы гуманитарлық апатты одан сайын тереңдетіп отыр", ал оның іс-қимылынан бейбіт адамдар зардап шегіп жатыр.

Путин Ресей БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақыратыны туралы мәлімдеген. Оның сөзінше, жиынның күн тәртібінде "АҚШ және оның одақтастарының агрессиялық іс-әрекеті" қаралады.


Сенбіге қараған түні АҚШ әскери кемелері мен ұшақтары Ұлыбритания мен Францияның әскери әуе күштерімен бірлесіп Сириядағы кей нысандарға зымыранмен соққы берген. АҚШ-тың мәлімдеуінше, "химиялық қару өндіру және дайындауға қатысы бар кәсіпорындар мен қоймалар" нысанаға алынған.

Мәскеу Батыс елдерін азаматтық нысандарға шабуылдады деп айыптады. Сонымен бірге Ресей қорғаныс министрлігі Сирияның Хмеймим және Тартусындағы ресейлік әскери базаларды қорғап тұрған әуе шабуылынан қорғаныс жүйесі аумағына бір де бір зымыран түскен жоқ деп отыр.

АҚШ Сирияға қарсы зымыран соққысын осыдан бір апта бұрын Дума қаласындағы химиялық қарумен жасалған шабуылға берілген жауап дейді. Мәскеу мен Дамаск химиялық шабуыл болғанын жоққа шығарып, химиялық қару туралы хабарларды "арандату" деп атаған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG