Accessibility links

АҚШ-та кинорежиссер Милош Форман қайтыс болды


Милош Форман "Амадей" фильмі үшін "Оскар" сыйлығын алып тұр. АҚШ, 25 наурыз 1985 жыл
Милош Форман "Амадей" фильмі үшін "Оскар" сыйлығын алып тұр. АҚШ, 25 наурыз 1985 жыл

Тегі чех америкалық режиссер Милош Форман 86 жасында АҚШ-та дүние салды деп хабарлайды Reuters.

Жұбайының айтуынша, аз уақыт сырқаттанған режиссер кенеттен қайтыс болған.

Милош Форман түсірген "Көкек ұясының үстімен қалықтағанда", "Амадей", "Ларри Флинтке халық қарсы", "Гойя елесі" сынды фильмдер көпшілікке танылды. Ол үздік режиссер ретінде АҚШ киноакадемиясының "Оскар" сыйлығын екі рет (1975 және 1984 жылдары), үш рет "Алтын глобус" жүлдесін иеленген.


Милош Форман 1932 жылы Чехословакиядағы Часлав қаласында дүниеге келген. Кино саласына 1950 жылдардың соңында келген ол "Қара Петр" фильмінен кейін таныла бастаған. 1968 жылы Совет одағы бастаған Варшава шарты елдері Чехословакияға баса-көктеп кірген кезде Францияда фильм түсіріп жүрген Милош Форман елге оралмауды ұйғарады. Кейін ол АҚШ-қа қоныс аударған.

XS
SM
MD
LG