Accessibility links

Германия Сирияға жасалған зымыран соққысын қолдады


Германия канцлері Ангела Меркель
Германия канцлері Ангела Меркель

Германия канцлері Ангела Меркель АҚШ, Ұлыбритания және Францияның Сирияға зымыранмен соққы беруін қолдайтыны туралы мәлімдеді.

"Әскери операция химиялық қаруға салынған халықаралық тыйымның тиімділігін сақтау және сириялық режимге оны қайтадан бұзбауды ескерту үшін жасалған қажетті және қисынды қадам болды", - деген канцлердің сөзін келтірген Deutsche welle.


Меркель бұл соққы "сириялық режимнің химиялық қару қолдану мүмкіндігін шектеу" үшін жасалғанын айтқан.

"Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретінде өздеріне осындай жауапкершілік алған америкалық, британдық және франциялық одақтастарымызды қолдаймыз", - деген Меркель.

Сонымен бірге канцлер "Германия бұл бағыттағы барлық дипломатиялық қадамдарды табанды түрде қолдайтын болады" деп сендірген. Бұған дейін Меркель Сирияға қарсы ықтимал шабуылға Германия қатыспайды деп мәлімдеген болатын.

Өткен түнде АҚШ пен одақтастары Ұлыбритания мен Франция осыдан бір апта бұрын Дума қаласында химиялық қарумен жасалған шабуылға жауап ретінде Сириядағы үкімет бақылауындағы кей нысандарды зымыранмен атқылаған. Батыс елдері Думадағы шабуылға Башар Асад режимін айыптайды. Мәскеу мен Дамаск химиялық шабуыл болғанын жоққа шығарып, химиялық қару туралы хабарларды "арандату" деп атаған.

АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияға қарсы зымыран соққысы туралы:

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Сирияға қарсы соққы жайлы:

XS
SM
MD
LG