Accessibility links

Ереванда экс-президенттің премьер болуына қарсылық білдірді


Армения экс-президенті Серж Саргсянды премьер-министр етіп сайлауға қарсы акцияға жиналғандар. Ерен, 13 сәуір 2018 жыл
Армения экс-президенті Серж Саргсянды премьер-министр етіп сайлауға қарсы акцияға жиналғандар. Ерен, 13 сәуір 2018 жыл

Армения астанасы Ереванның орталық алаңында мыңдаған адам елдегі билікті бұрынғы президент Серж Саргсянның қолына шоғырлауына мүмкіндік беретін үкіметтік өзгерістерге наразылық білдірді. Еревандағы орталық алаңға шыққандар бұдан бірнеше жыл бұрын қабылданған, Арменияда президенттің билігін азайтып, премьер-министр өкілетін кеңейтетін заң өзгертулеріне байланысты алаңдаушылық танытты.


Сәуірдің 9-ы күні өткен сайлау нәтижесінде Арменияның жаңа президенті болып Армен Саркисян (бұрынғы президент Серж Саргсянның туысы емес) сайланған болатын. Ал экс-президент Серж Саргсянның партиясы парламентте басым дауыс ие болғандықтан ол таяу күндері премьер-министр қызметіне сайлануы мүмкін деген болжам бар. 2015 жылы өткізілген референдум нәтижесінде Арменияны басқару жүйесіне өзгерістер енгізілген. Өзіне дейінгі президенттерден өзгешелігі сол, Армен Саргсян Армения президенті қызметіне жалпыхалықтық төте сайлау жолымен емес, парламент депуттатарының дауыс беруі арқылы сайланған.

Армениядағы наразылық лидерлері бұған дейін парламент ғимараты алдында экс-президент Серж Саргсянды премьер-министр етіп сайлауға қарсылық акциясын өткізетіндері туралы мәлімдеген. Осы аптада оппозициялық екі депутат парламент ғимаратына алып кірген түтін құтыларын тұтатып, Серж Саргсянды үкімет жетекшілігіне сайлау жоспарына наразылық білдірген.

XS
SM
MD
LG