Жексенбі күні таңертең Шығыс Қазақстан облысында 4,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген. Бұл туралы Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы хабарлады.
Астана уақыты бойынша сағат 8:05 кезінде тіркелген жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 786 шақырымда, жер қабатының 10 километр тереңдігінде болған.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,9 деп хабарланды.
МSК-64 шкаласы бойынша дүмпу сезілмеген. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.