Accessibility links

Венгрияда мыңдаған адам сайлау нәтижесіне наразы


Будапеште үкіметке қарсы жаппай наразылық шеруіне шыққан адамдар. 14 сәуір 2018 жыл

Будапеште ондаған мың демонстрант жақында Венгрия парламентіне өткен сайлау қорытындысына наразылық білдіріп, оны "таза емес" деп атады. Сәуірдің 8-і күні өткен сайлаудың ресми қорытындысы бойынша, үкімет басында отырған Виктор Орбанның биліктегі "Фидес" партиясы жеңіске жеткен. Орбан осымен қатарынан үш мерзім бойы үкіметті басқармақ. Ол бұл жолғы сайлауалды науқан кезінде де әдеттегідей Еуропа Одағының иммиграция саясатына қарсы екенін айтқан.


Сәуірдің 14-і күні Будапеште жаппай наразылық шеруіне шыққан адамдар "Біз - көппіз" деп айқайлаған. Олар дауысты қайта санауды, сайлау туралы заңды өзгертуді және баспасөз еркіндігіне кепілдік талап еткен. Орбанды сынаушылар ол демократиялық құндылықтарды таптап, тәуелсіз баспасөзге қысым жасап отыр деп санайды. Сонымен бірге премьер Виктор Орбанды Ресей президенті Владимир Путинге бүйрегі бұрады деп айыптаған.

Виктор Орбан сайлауалды науқаны кезінде тәуелсіз үкіметтік емес ұйымдардың қызметін шектеп, иммигранттарды қолдайтын қоғамдық топтарды жазалауға уәде берген.

Будапеште жаппай наразылық шеруіне Венгрия мен Еуропа Одағы туларын ұстап шыққан жұрт еуропалық құндылықтарды қорғауды талап еткен.

AzattyqTV

AzatNews 22.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:35 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG