Accessibility links

АҚШ Ресейге Асадты қолдағаны үшін санкция салмақ


Никки Хейли, АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі.
Никки Хейли, АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі.

АҚШ Қаржы министрлігі дүйсенбі, 16 сәуірде Ресейге қатысты жаңа санкциясын жарияламақ. Бұл жөнінде БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли CBS News телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Жаңа санкция Сирия президенті Башар Асадқа техника жеткізетін және химиялық қаруға қатысы бар компанияларға салынбақ. Хейли АҚШ Ресейдің атына "қатаң ескерту" жасағанын айтты. "Олар ескертуімізге құлақ асады деп үміттенеміз" деді БҰҰ жанындағы АҚШ өкілі.

"Коммерсант" газетінің 15 сәуірде хабарлауынша, Ресейдегі АҚШ елшісі Джон Хантсман Ресей Сыртқы істер министрлігіне жаңа санкциялар дайындап жатқаны жөнінде хат жіберген.

XS
SM
MD
LG