Accessibility links

Атамбаев депутаттармен сайлауға дайындықты талқылады


Алмазбек Атамбаев Социал-демократиялық партия депутаттарымен кездесіп отыр. Бішкек, 16 сәуір 2018 жыл.
Алмазбек Атамбаев Социал-демократиялық партия депутаттарымен кездесіп отыр. Бішкек, 16 сәуір 2018 жыл.

Қырғызстанның бұрынғы президенті, іс басындағы Социал-демократиялық партиясының (СДП) жетекшісі Алмазбек Атамбаев парламенттегі фракция депутаттарымен кездесті. Партия баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атамбаев кездесуде депутаттар сауалдарына жауап беріп, партия жұмысына қатысты және 2020 жылы өтетін парламент сайлауына дайындық мәселесін талқылады.

Қырғызстан парламентінде көпшілік орынға ие Социал-демократиялық партия 1994 жылы құрылған. Атамбаев партия төрағасы болып 31 наурызда партияның Бішкекте өткен ХVII құрылтайында сайланған.

Оқи отырыңыз: Атамбаевтың билік партиясына оралуы қазақ-қырғыз қатынасына әсер ете ме?

Атамбаев 2011 жылдан 2017 жылдың қарашасына дейін Қырғызстан президенті болған. 2017 жылы өткен президент сайлауында ол СДП кандидаты Сооронбай Жээнбековті қолдаған. Жээнбеков 25 қазанда өткен сайлауда жеңіп, 24 қарашада қызметіне кіріскен.


XS
SM
MD
LG