Accessibility links

Дамирбек Асылбекуулу депутаттық мандатынан айырылды


Дамирбек Асылбекуулу.
Дамирбек Асылбекуулу.

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) парламент депутаты Дамирбек Асылбекуулын мандатынан айырды. Азаттықтың Қырғыз редакциясына бұл туралы комиссия мүшесі Назарали Арипов хабарлады. Оның сөзінше, Дамирбекуулының мандаты Руслан Чойбековке беріледі.

ОСК Дамирбек Асылбекуулын мандатынан оның Қазақстан азаматтығын иеленгені анықталған соң айырып отыр. Асылбекуулу Қазақстан құқық қорғау органдары ақпанның ортасында елдің оңтүстігінде жүргізген "контрабанданың жолын кесу" операциясында ұсталған. Операция барысында 35 адам, оның ішінде депутат Дамирбек Алмасбекуулу бар, Қырғызстанның үш азаматы ұсталған. Кейін Қазақстан ішкі істер министрлігі Дамирбек Асылбекуулунда Қазақстан азаматтығы барын растаған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ұсталған Қырғызстан депутаты кім еді?

Алматы соты 17 ақпанда Дамирбек Асылбекуулу мен Қырғызстанның өзге екі азаматын екі айға қамаған.

Дамирбек Асылбекуулу Қырғызстан парламентіне "Қырғызстан" фракциясынан сайланған еді. Ол 2009-2010 жылдары да парламент депутаты болған.

XS
SM
MD
LG